EURO-2024: Аустрияны жеңген Түркия ширек финалда Нидерланд құрамасына қарсылас атанды

EURO-2024: Аустрияны жеңген Түркия ширек финалда Нидерланд құрамасына қарсылас атанды
Футбол

championat.com

Футболдан Еуропа чемпионаты нақ қызған шағына келді. 1/8 финалдағы соңғы шешуші ойын Түркия мен Аустрия құрамалары арасында өтті. Ширек финалға жолдаманы Түркия иеленді, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Ойында жылдам гол соғылды. Қорғаушы Мерих Демирал бұрыштамадан көтерілген допты голға айналдыра білді. Бірінші таймда Аустрия құрамасында таразы басын теңестіруге бірнеше мүмкіндік болғанымен, есеп өзгеріссіз қалды. 

Ойынның екінші бөлігінде де тартысты ойын өтті. 59-минутта түріктер есепті 0:2-ге жеткізді. Тағы да Мерих Демирал көзге түсті. Бұл жолы да футболшы бұрыштамадан көтерілген допқа бірінші жетіп, баспен қақпаға тура соққы бағыттады. Екі доп айырмашылығымен есепте алға шыққан Түркия футболшыларын Аустрия құрамасы тықсырып, шабуылды одан сайын үдете түсті. 66-минутта аустриялық Михаэль Грегорич есеп айырмасын қысқартты. Әрмен қарай да шабуылды үсті-үстіне ұйымдастырған Рангник футболшылары Мерт Гюнюк қорғаған қақпаға екінші голды соға алмады. Осылайша Түркия құрамасы 1:2 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға шықты. 

Енді ширек финалда, 5 шілде күні Испания мен Германия, Португалия мен Франция, 6 шілдеде Англия мен Швейцария, Нидерланд пен Түркия кездеседі.