Акмаль Бақтияров ресейлік «Волгарь» командасына ауысты

Акмаль Бақтияров ресейлік «Волгарь» командасына ауысты
Футбол

KazFootball.kz

«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы ресейлік «Волгарь» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Бақтияров – Алматы «Қайрат» академиясының түлегі. UEFA жастар лигасының іріктеу кезеңіне қатысқан. Аталған турнирде 6 кездесу өткізіп, 3 рет гол соғып, 3 нәтижелі пастың авторы атанған. Қазақстан кубогының чемпионы және екі дүркін иегері.

Ресейде Бақтияров «Сочи» және «Челябинск» командаларының сапында ойнады. Акмаль Қазақстанның жастар және жасөспірімдер құрамалары сапында 17 кездесу өткізіп, 2 гол салған.