Кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов GGG-мен жаттығу өткізді

Кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов GGG-мен жаттығу өткізді
Бокс

Видеодан скрин

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов Санта-Моникадағы (Калифорния) Churchill x Matchroom спорт залындағы жаттығуын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бұл залда бір кездері Головкин жаттыққан. 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап аталған нысан ұлыбританиялық Matchroom промоутерлік компаниясына берілді. 

«Ренжімеңіз, ел-жұрт аңыз боксшымен жаттығуымды көруі керек. Сол үшін бұл видеоны жарияладым. Баға жетпес дәрісіңіз үшін рахмет», - деп жазды боксшы.

42 жастағы Геннадий Головкин спорттан кететі туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Бірақ ақпан айының соңында ол еліміздегі Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болды. 

Бір қызығы, 26 жастағы Ахмедовтың мансабында Головкинге қарағанда ұзағырақ үзіліс болды. Садриддин 2022 жылдың ақпан айынан бері өнер көрсеткен жоқ. Қазіргі уақытта Ахмедовтың промоутері де, менеджері де жоқ. Ал, Головкиннің GGG Promotions атты жеке промоутерлік компаниясы бар. Оның қамқорлығымен тек бір ғана боксшы - қазақстандық супер орта салмақтағы Әли Ахмедов өнер көрсетеді.