Түркістандық самбошылар құрлықтық сайыста топ жарды

Түркістандық самбошылар құрлықтық сайыста топ жарды
Күрес

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Макао қаласында (Қытай) спорттық және жауынгерлік самбодан Азия және Мұхит жағалауы елдерінің чемпионаты өтті, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Аталмыш турнирде 22 мемлекеттен келген спортшылар бақ сынады. Әлемдік жарыста Қазақстан ұлттық құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды. 

Ел мерейін үстем еткен спортшылар арасында Түркістан облысының балуандары да бар. 50 келіде бақ сынаған Айжан Жылқыбаева, 65 келіде Айнұр Ақжігітова, 80 келіде Ұлбосын Әділова сынды бұрымды самбошылар қарсыластарын қапы қалдырып, өз салмақтарында алтын медальдарды қанжығаларына байлады. Айта кетейік, жеңімпаз атанған спортшылардың бапкері - әлемнің 5 дүркін чемпионы, халықаралық дәрежедегі төреші, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Түркістан қаласының құрметті азаматы Әбдісадық Халилаев.