Колумбиялық қорғаушы Кристиан Товар «Ордабасы» ойыншысы атанды

Колумбиялық қорғаушы Кристиан Товар «Ордабасы» ойыншысы атанды
Футбол

Ордабасы ФК

Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының қатарын қорғаушы Кристиан Товар толықтырды,  деп хабарлайды BasSport.kz.

26 жастағы колумбиялық футболшы бұған дейін «Шериф» командасында ойнаған. Молдовалық клуб сапында 35 рет алаңға шығып, 3 голдың авторы атанған. 

Кристианның Transfermarkt-тегі бағасы 750 мың еуроны құрайды.