Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады

Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады
Күрес

Olympic.kz

Иорданияның Амман қаласында еркін күрестен 17 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Азия біріншілігі аяқталды, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталған турнирде Қазақстан құрамасы үшінші орынға ие болған.

Балуандардың еншісінде 8 медаль бар. 110 келі салмақ дәрежесінде Қасымбек Едіге алтын жүлдегер атанса, 60 келіде Бекасыл Асамбек күміс медаль иеленді. Тағы төрт балуанымыздың еншісінде қола жүлде бар.