Жалғас Жұмағұлов АҚШ-тағы турнирде жеңімпаз атанды

Жалғас Жұмағұлов АҚШ-тағы турнирде жеңімпаз атанды
Жекпе-жек

Tengrinews.kz

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов Веллингтон қаласында өткен грэпплингтен NAGA (North American Grappling Association) турнирінде жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Шешуші айқаста Жалғас америкалық Рэймонд Пейджді (Rogue Wave Martial Arts) жеңді. Осылайша Жұмағұлов NAGA чемпиондық белбеуін иеленді. 

Аралас жекпе-жек бойынша Жалғас Жұмағұлов ақпан айында ресми жекпе-жек өткізді. Ол Naiza FC 57 турнирінде америкалық файтер Кливленд Маклиннен (17-12) басым түсті.