Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні туралы айтты

Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні туралы айтты
Жекпе-жек

Tengrinews.kz

UFC файтері Шавкат Рахмонов октагонға қашан оралатынын айтты, деп хабарлайды BasSport.kz «Караван» газетіне сілтеме жасап. 

«Әлі де жарақаттарымды емдеп жатырмын. Дегенмен жаттығуға күнделікті уақыт бөлемін. Күздің соңына қарай жекпе-жек өткізуге дайын болатын шығармын. Бірақ қарсыласымды әлі анықтаған жоқпын. Кіммен кездесу өткізетінім әлі белгісіз. Қалай дегенмен де менің басты мақсатым – UFC белдігін иелену», - деді Шавкат Рахмонов.