Грек-рим: Мерей Мәулітханов 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионы атанды

Грек-рим: Мерей Мәулітханов 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионы атанды
Күрес

Olympic.kz

Күрес түрлерінен Иорданияда өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия біріншілігінде қазақстандық Мерей Мәулітханов жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, грек-рим күресінен 72 келіде сынға түскен Мерей өз салмағында үздік атанған. 

Одан бөлек, Диас Әскербай (67 келі), Расул Жүніс (77 келі) және Әмір Төлебаев (82 келі) финалда сүрініп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Бақдәулет Азамат (97 келі) пен Асылбек Жәнібекұлының (130 келі) еншісінде қола медаль бар.