Қазақстандық балуан мас күйінде ұсталды

Қазақстандық балуан мас күйінде ұсталды
Күрес

Prosports.kz

Полиция Алматы облысындағы күрес түрлерінен федерация президенті Дамир Күзенбаевты ұстады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Sport Plus Qazaqstan-ның таратқан ақпаратына сүйенсек, 28 маусымда Дамир Күзембаев ішімдік ішіп, қоғамдық тәртіпті бұзған.

«Заңсыз әрекеттердің жолын кесу кезінде ол балағат сөз айтып, полиция қызметкерлеріне белсенді физикалық қарсылық көрсетті. Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылықты қолдану фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Күзембаев халықаралық дәрежедегі спорт шебері.