Үстел теннисінен Қазақстан командасы Азия чемпионатына қатысатын құрамын жариялады

Үстел теннисінен Қазақстан командасы Азия чемпионатына қатысатын құрамын жариялады
Теннис

Olympic.kz

30 маусым мен 6 шілде аралығында Қытайдың Чунцин қаласында үстел теннисінен жастар арасындағы Азия чемпионты өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Аталған турнирде 239 спортшы сынға түседі.

Қазақстан атынан төмендегі спортшылар бақ сынайды: Алан Құрманғалиев, Қадырали Қабдылуахитов, Абдулла Мамай, Ши Данян, Алихан Қадыри, Асылхан Мағмұмбеков, Алексей Маркин, Бакдаулет Сәуірбай, Сарвиноз Миркадирова, Альбина Жақсылыкова, Дарья Фу, Ақниет Амангелді, Нұрсая Нұрман, Жания Бекмухамбетова. 

Айта кетейік, Қытайдағы Азия чемпионатында медальдар командалық және жекелей сында, аралас және жұптық сында сарапқа салынады.