Бірінші лиганың ойыншысы еуропалық клубқа ауысты

Бірінші лиганың ойыншысы еуропалық клубқа ауысты
Футбол

Әлеуметтік желіден алынды

Бірінші лига көшбасшыларының бірі «Жетісай» футбол клубының шабуылшы Бекнур Рысқұл спорттық карьерасын шетелдік клуб сапында жалғастырады, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Бекнұр черногориялық «Единиство» клубының ойыншысы атанды. 

Б. Рысқұл - «Ордабасы», «Мақтаарал», «Түркістан» және «Жетісай» командаларында өнер көрсеткен.

2024 жылғы маусымда «Жетісай» сапында 12 матчта 6 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.