Қазақстан жасөспірімдер арасында футзалдан Еуро-2025 турнирін қабылдауға өтініш берді

Қазақстан жасөспірімдер арасында футзалдан Еуро-2025 турнирін қабылдауға өтініш берді
Футзал

Gooal.kz

Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан футзал қауымдастығымен бірлесіп 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында футзалдан 2025 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін өткізуге өтініш берді, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Gooal.kz-тің мәліметінше, Еуропа чемпионатын қабылдайтын ел туралы шешім 2024 жылдың қыркүйегінде UEFA Атқару комитетінің отырысында қабылданады. 

Өтініш қабылданған жағдайда аталмыш доп додасы елордада өтеді, ал Қазақстан жасөспірімдер құрамасы автоматты түрде Еуро-2025 финалдық кезеңінің қатысушысы атанады. 

Айта кетейік, 19 жасқа дейінгі футзалдан Еуропа чемпионаты 2025 жылдың қыркүйегінде өтеді.