«Қайрат» U-17 командасының Гельвеция кубогындағы қарсыластары белгілі болды

«Қайрат» U-17 командасының Гельвеция кубогындағы қарсыластары белгілі болды
Футбол

Prosports.kz

Швейцарияның Санкт-Галлен қаласында 8-11 тамыз аралығында өтетін турнирдің жеребесі тартылды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Алматылық команда жасөспірімдері «А» тобына түсті. 2008 жылғы жасөспірімдер арасындағы бұл топта ПСЖ (Франция), «Винтертур» (Швейцария), «Санкт-Галлен» (Швейцария) және «Дейнзе» (Бельгия) командаларының өрендері ойнайды.

«Қайрат» жасөспірімдері жарыстағы алғашқы ойынын 9 тамыз күні турнир қожайындары «Санкт-Галленге» қарсы өткізеді.

Қалған ойындардың күнтізбесі жақын арада белгілі болады.