Саблямен семсерлесуден Қазақстан әйелдер командасы Азия чемпионатында күміс жүлде алды

Саблямен семсерлесуден Қазақстан әйелдер командасы Азия чемпионатында күміс жүлде алды
Басқа

Olympic.kz

Саблямен семсерлесуден Қазақстан әйелдер командасы тарихта тұңғыш рет Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша,Қазақстан командасы Гонконг пен азулы Оңтүстік Корея құрамаларын жеңіп, финалға жолдама алған. 

Алтынға таласта отандастарымыз Қытай спортшыларына аз ғана ұпаймен жол берген.  Осылайша, Айгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастсия Гулик және Жасмин Капыджыдан құралған Қазақстан командасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Бұл Кувейттегі Азия біріншілігінде Қазақстан қоржынына түскен төртінші медаль.