«Қайрат» футзал клубына 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды

«Қайрат» футзал клубына 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды
Футзал

Sports.kz

Астанада ҚФФ-ның Әдеп жөніндегі комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды BasSport.kz.

Басқосу барысында қарсылас команданың атрибутикасына құрметсіздік танытқан «Қайрат» АФК ойыншыларының спортқа жат әрекеттеріне қатысты мәселе қаралды. 

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, онда  Комитет шешіміне сәйкес «Қайрат» АФК-ға 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. 

«Айыппұлды 2024 жылдың 10 шілдесіне дейін төлеу қажет. «Қайрат» АФК бас директоры А.Құжановаға ескерту түрінде тәртіптік жаза берілсін. «Қайрат» АФК аталмыш жағдайдың бастамашыларын (араңдатушыларын) тауып, түсіндіру жұмысын жүргізуге міндеттелсін. Нәтижесін 2024 жылдың 24 маусымына дейін хабарласын», - делінген ресми ақпаратта.