Педро Эуженио «Тобыл» жейдесінде өнер көрсетеді

Педро Эуженио «Тобыл» жейдесінде өнер көрсетеді
Футбол

fctobol.kz

Қостанайлық «Тобыл» футбол командасы құрамына португалиялық жартылай қорғаушы Педро Эуженио қосылды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Қостанайлық клубтың баспасөз қызметі Педро Эужениомен келісімшартқа отырғанын хабарлады. Эуженио қазақстандық футбол жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол бұған дейін елімізде «Жетісу», «Тараз», «Астана» және «Атырау» сапында ойын көрсетті. «Астана» құрамында чемпионаттың үздік бомбардирі атанды. Премьер-лигада барлығы 73 матч өткізіп, 32 гол соғып, 16 нәтижелі пас берді. Тәжірибелі футболшы өз елінің «Спортинг» және «Бенфика» жастар командаларында ойнады. Португалияның жасөспірімдер құрамасында бес матч өткізген.