«Барселона» футзал клубының шабуылшысы «Семейге» ауысады

«Барселона» футзал клубының шабуылшысы «Семейге» ауысады
Футзал

FC Barcelona

Карлос Вагнер Гуларте Фильо cемейлік футзал клубының ойыншысы атанады, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Sports.kz порталының мәліметінше, футзалдан әлемнің үш дүркін үздік ойыншысы 2014 жылдан бері ойнаған каталониялық «Барселона» футзал клубымен қоштасып үлгерген. Феррао жуырда «Семей» сапын толықтырмақ.

Феррао лақап атымен танымал бразилиялық шабуылшы 2 рет Чемпиондар лигасын және 3 рет Испания чемпионатын жеңіп алған. Сонымен қатар 3 рет әлемнің үздік ойыншысы атанған. 

Еске сала кетсек, былтыр құрылған «Семей» футзал клубы биыл ел біріншілігін жеңіп алып, «Қайраттың» 20 жылдық гегемониясына нүкте қойды. Алдағы маусымда семейліктер UEFA Чемпиондар лигасында ел намысын қорғайды.