«Семей» алматылық «Қайраттың» гегемониясын бұзып, футзалдан ел чемпионы атанды

«Семей» алматылық «Қайраттың» гегемониясын бұзып, футзалдан ел чемпионы атанды
Футзал

Prosports.kz

Қазақстан чемпионатының финалдық плей-офф сериясының төртінші ойынында «Семей» «Қайрат» футбол клубын жеңді, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Төртінші кездесудің негізгі және қосымша уақыты 4:4 есебімен аяқталды. Пенальтилер сериясында семейліктер мықтырақ болып шықты – 4:3. Айта кетейік, жеңімпаздар қатарында Дедесиньо мен Кайо Торрес (хет-трик) гол соқты. Осылайша, Семей «Қайрат» АФК-ның Қазақстан чемпионатындағы 20-шы гегемониясын бұзды. 

Естеріңізге сала кетейік, бірінші кездесу 3:2 есебімен семейліктердің сенсациялық жеңісімен аяқталған болатын. Екінші кездесуде алматылықтар есесін қайтарып, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Үшінші кездесуде семейліктер басым түсті.