Алматыда дзюдодан Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы өтеді

Алматыда дзюдодан Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы өтеді
Дзюдо

Prosports.kz

4-7 шілде күндері Алматыда дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Жасөспірімдер мен жастар арасында өтетін байрақты бәсекеге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Иран, Моңғолия, Шри-Ланка және Германия, Молдова, АҚШ елдерінен 700-ге жуық татами шебері қатысады деп жоспарланған.

Төрт күнге созылатын дүбірлі дода Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде өтеді. Жарыс нәтижесі бойынша Азия кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне әлемдік рейингіде ұпай қосылады: І орын – 100 ұпай, ІІ орын – 60 ұпай, ІІІ орын – 40 ұпай.

Аталған жарыс Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес, биыл дәстүрлі түрде жетінші рет ұйымдастырылғалы отыр. 

Айта кетейік, Бекет Махмұтов - 2009-2012 жылдары Қазақстан дзюдо федерациясының президенті, Азия дзюдо одағының вице-президенті қызметін атқарған спорт функционері.