Зарина Дияс «Уимблдон» турнирінің іріктеу сынында финалдық кезеңге өтті

Зарина Дияс «Уимблдон» турнирінің іріктеу сынында финалдық кезеңге өтті
Теннис

Sports.kz

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс «Уимблдон» турнирі іріктеу додасында финалға жолдама алды, деп хабарлайды BasSport.kz. 

WTA рейтингінде 967-орында тұрған Зарина әлемнің 138-ракеткасы, америкалық теннисші Сачия Викериді 3:6, 7:5, 7:5 есебімен жеңді. 

Отандасымыз іріктеу кезеңінің финалында әлемнің 92-ракеткасы, қытайлық спортшы Чжосюань Бай немесе рейтингіде 194-сатыда тұрған таиландтық теннисші Ланлана Тарарудидің қай жеңгенімен шеберлік байқасады.