Хоккейші Андрей Шутов словакиялық «Слован» командасына ауысты

Хоккейші Андрей Шутов словакиялық «Слован» командасына ауысты
Хоккей

Olympic.kz

Қазақстандық қақпашы Андрей Шутов Словакияның «Слован» хоккей командасына ауысты. Бұл туралы словакиялық команданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BasSport.kz.

Өскемен хоккей мектебінің түлегі биылғы маусымды елордалық «Барыс» командасының сапында өткізді. Қақпашы «Барыс» жүйесінде 3 жылдан астам уақыт өнер көрсетті. Былтыр ол Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында барлығы 2 000 минут ойнады.

Андрей Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатында 39 ойын өткізді. Сондай-ақ ол биыл Чехияда өткен әлем чемпионатында 6 кездесуде мұз айдынына шықты.