Ордабасы ауданында шахматтан турнир өтті

Ордабасы ауданында шахматтан турнир өтті
Басқа

Түркістан облысы Ордабасы аудандық орталық аурухананың құрылғанына 60 жыл толуына орай облыстағы медицина мекемелері қызметкерлері арасында шахматтан облыстық турнир өтті.

Спорттық шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов, «Ордабасы оттары» газетінің бас редакторы Ғалымжан Зиябеков, аудандық орталық аурухана басшысы Болатбек Сағымбеков арнайы қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайыстың қорытындысы бойынша ер кісілер арасындағы жеңімпаздар:

1 орын - Ордабасы аудандық орталық ауруханасы; 2 орын - облыстық клиникалық ауруханасы, 3 орын - Сайрам аудандық орталық ауруханасы.

Әйелдер арасындағы жеңімпаздар:

1 орын - Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы, 2 орын - Ленгір қалалық емханасы, 3 орын - Түркістан перинатальді орталығы.

Жалпы турнирге ерлер арасында - 15 ауданнан, әйелдер арасында - 12 ауданнан медицина мекеме қызметкерлері қатысқан. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі