Түркістанның қос спортшысы байдарка және каноэ есуден Азия чемпионы атанды

Түркістанның қос спортшысы байдарка және каноэ есуден Азия чемпионы атанды
Басқа

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тайландтың Паттайя қаласында байдарка және каноэ есуден 18 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Дүбірлі додаға 17 елден 546 спортшы қатысты. Айтулы бәсекеде Түркістан облысының су спорты түрлері мектебінің өрендері сәтті өнер көрсетті. Атап айтқанда, Альбина Халикова мен Евгения Тютюкина әйелдер арасындағы төрттік байдаркадан 500 метр қашықтықта 23 жасқа дейінгілер арасында алтыннан алқа тағынды. Азия чемпионы атанған спортшылар енді әлемдік додаларға дайындалады.