Елордада дзюдодан жастар арасында халықаралық турнир өтеді

Елордада дзюдодан жастар арасында халықаралық турнир өтеді
Дзюдо

Olympic.kz

22 маусым күні Астанада дзюдодан Данияр Макишевті еске алуға арналған жастар арасында халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталған додаға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Белорусь және Өзбекстаннан 150-ге жуық дзюдошы қатысады деп күтілуде. 

Халықаралық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады. Бірінші орын алған спортшы - 500$, екінші орынға ие болған спортшы - 350$, ал, үшінші орынға ие болған жүлдегер 200$ АҚШ долларына иелік етеді. 

Жарыс 20 жасқа дейінгі жастар арасында 7 салмақ дәрежесінде өтеді. Ұлдар 60, 66, 73, 81, 90, 100 келіге дейінгі және 100 келіден жоғары салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтайды. Данияр Макишевті еске алуға арналған халықаралық турнир Kazakhstan Judo Team YouTube арнасынан тікелей трансляцияланады.

Айта кетерлігі, бұл дода Қазақстан жастар ұлттық құрама командасының әлем чемпионаты алдындағы дайындық жарысы болып саналады.