Таеквондошы Самирхон Абабакиров Люксембургтегі G-1 турнирінің жеңімпазы атанды

Таеквондошы Самирхон Абабакиров Люксембургтегі G-1 турнирінің жеңімпазы атанды
Басқа

Olympic.kz

Отандасымыз Люксембургте өткен G-1 санатындағы халықаралық жарыста жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды BasSport.kz. 

63 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Абабакиров турнир барысында қарсыластарын қоғадай жапырды. Осылайша ол әлемдік доданың алтын медалін мойнына тақты. 

Айта кетейік, Абабакиров алдағы Париж Олимпиадасында 58 келі салмақта ел намысын қорғайды.