EURO-2024: Нидерланд құрамасы Польшадан басым түсті

EURO-2024: Нидерланд құрамасы Польшадан басым түсті
Футбол

uefa.com

Футболдан Еуропа чемпионатының үшінші жарыс күнінде  D тобында өнер көрсететін Нидерланд құрамасы Польшамен кездесті, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Гамбург қаласында өткен кездесу тартысқа толы болды. Ойындағы бірінші голды Польша құрамасының футболшысы соқты. Бұрыштамадан көтерілген допты Букса баспен қақпаға бағыттап, өз командасын есепте алға шығарды. Дегенмен Нидерланды ойыншылары таразы алғашқы таймда-ақ теңестіре білді. Шабуылшы Коди Гакпо ұлттық құрама сапындағы 25-ші ойынында көзге түсіп, 10-шы голын Польша құрамасының қақпасына салды. 

Кездесудің екінші таймында қос команда алма-кезек шабуылға шығып, жеңісті голды соғуға тырысып бақты. Рональд Куман батпайтын Нидерланд құрамасы қарсыласқа қарағанда басымырақ болды. Алаңға қосалқы құрамнан ауысып шыққан Вегхост матчтың 83-минутында жеңісті гол салып, өз құрамасына маңызды үш ұпайды сыйлады. 

Осылайша D тобында әзірге Нидерланд құрамасы бірінші орынға жайғасты.