EURO-2024: Словения мен Дания тең тарқасты

EURO-2024: Словения мен Дания тең тарқасты
Футбол

uefa.com

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының үшінші ойын күнінде C тобында Словения мен Дания құрамалары кездесті, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Қос құрама арасындағы ойында алғаш болып есепті даниялықтар ашты. Кристиан Эриксон кездесудің 17-минутында есеп ашса, араға 60 минут салып словениялықтардың сапынан Эрик Янза гол соқты. Осылайша Словения мен Дания құрамалары алғашқы ойында 1:1 есебімен тең тарқасты. 

Енді С тобында Анлия мен Сербия құрамалары үш ұпайға таласады.