Бейбіт Жұқаев Илклидегі турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды

Бейбіт Жұқаев Илклидегі турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды
Теннис

ҚТФ

Қазақстандық теннисші Илклиде өтіп жатқан турнирдің негізгі кезеңіне өтті, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Бейбіт іріктеу кезеңінің финалдық сатысында бельгиялық Йорис Де Лурды 6:3, 6:1 есебімен ойсырата жеңді.

Матч 1 сағат 5 минутқа созылды.