EURO-2024: Англия құрамасы Сербияны 1:0 есебімен жеңді

EURO-2024: Англия құрамасы Сербияны 1:0 есебімен жеңді

Prosports.kz

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында C тобындағы қос құрама Сербия және Англия құрамалары кездесті, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Джуд Беллингем 13-минутта Англия құрамасын есепте алға шығарды. Одан кейін қос құраманың гол соғатын мүмкіндігі аз болған жоқ. Десе де бірінші кезеңде таблодағы есеп өзгеріссіз қалды. Екінші кезеңде сербиялық футболшылар шабуылды күшейтті. Англия құрамасы қорғаныс шебінде сауатты ойнай білді. Кездесуде англиялық футболшылар 1:0 есебімен жеңіске жетті.