Сайрамдық жас каратэшілер ел біріншілігінде 4 медаль жеңіп алды
Басқа
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Астана қаласында фунакоши-каратэден балалар арасында Қазақстан чемпионаты өтті, деп хабарлайды BasSport.kz.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 350-ге жуық жас спортшы өз шеберліктерін көрсетіп, бағын сынады.
Қазақстан фунакоши-каратэ федерациясының ұйымдастыруымен өткен жарыста сайрамдық жас спортшылар 4 медалға ие болды. 5-6 жасар қыздар арасында 20 келі салмақ дәрежесінде Айлан Орал алтын медаль алса, осы салмақ дәрежесінде Қаракөз Исарулла күміс жүлдені қоржынға салды. Ал, 9-10 жасар қыздар арасында Камшат Жарылқап күміс медаль иеленді. Сонымен қатар 11-12 жасар қыздар арасында 35 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ақкенже Таныбек қола медальді қанағат тұтты.