«Барыс» қатарын америкалық қақпашы Хантер Шепард толықтырды
shaiba.kz
«Барыс» хоккей клубы жаңа маусым қарсаңында қақпашылар шебін АҚШ-тан келген легионермен күшейтті, деп хабарлайды Bassport.kz.
Елордалық ұжым америкалық қақпашы Хантер Шепардпен 2027 жылдың мамыр айының соңына дейін жарамды келісімшартқа отырды. Мансабының басым бөлігін «Вашингтон Кэпиталз» клубында өткізген Шепард «Херши Беарс» сапында екі мәрте Колдер кубогын иеленіп, 2023 жылы АХЛ плей-оффының ең құнды ойыншысы атанған болатын.
Өткен маусымда Ұлттық хоккей лигасында (НХЛ) «Оттава Сенаторз» сапында бақ сынаған қақпашы, кейін АХЛ-дегі «Беллвилл Сенаторз» және «Лаваль Рокет» ұжымдарында өнер көрсетті.
«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» хоккей клубының серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қорының» КҚ