2030 жылғы әлем чемпионаты алты елде өтеді

Футбол
ФИФА 2030 жылғы әлем чемпионатын нақты бір елге емес, бірден үш құрлықтағы алты елге сеніп тапсырды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Қызығы сол әлем чемпионатының бастапқы үш ойыны Уругвай, Аргентина Парагвайда өтеді. Өйткені сол жылы алғашқы мундиальдың ұйымдастырылғанына 100 жыл толады. Одан кейін әлем чемпионаты Еуропаның оңтүстігінде және Африкадағы Марокко мемлекетінде жалғасады.
Нақтырақ айтқанда, ойындар Испания, Португалия және Марокко стадиондарында өтеді.
ФИФА президенті Джанни Инфантино мұны әлем елдерін біріктіру деп түсіндірген.