ҚПЛ клубы қосалқы құраммен ойнайтын болды

Футбол
«Тұран» ФК
Түркістандық «Тұран» Қазақстан Премьер-Лигасының 12-турында елордалық «Жеңіске» қарсы ойынды қосалқы құраммен өткізеді, деп хабарлайды Bassport.kz сайты BorodAbata.kz-ке сілтеме жасап.
Кездесу бүгін, 14 маусым күні, «Түркістан Арена» стадионында өтеді. Басталуы — 20:00-де.
Белгілі болғандай, алаңға негізінен клубтың қосалқы құрамында өнер көрсететін жас ойыншылар шығады. Мұндай шешім команданың ішкі жағдайына байланысты қабылданған.
Ойынның қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдарында «Тұран» клубының бас бапкері Виталий Жуковский мен оның жаттықтырушылар штабының қызметінен кеткені туралы ақпарат пайда болды. Олар матчқа бір күн қалғанда командадан кеткен. Аталған жағдайға байланысты клуб әзірге ресми пікір білдірген жоқ.