Хусановтың трансферіне қатысты күтпеген мәліметтер жарияланды

Хусановтың трансферіне қатысты күтпеген мәліметтер жарияланды
Футбол

Zamin.uz

Өзбекстан құрамасы мен «Манчестер Сити» клубының қорғаушысы Абдуқодир Хусановтың трансфері туралы күтпеген мәліметтер жарияланды. Prosports Management агенттігінің басшысы Герман Ткаченко «Nobel» YouTube-арнасына берген сұхбатында ресейлік клубтардың футболшыға деген қызығушылығы туралы айтты, деп хабарлайды Bassport.kz.

- «Хусановқа қатысты - Ресейдің бүкіл клубтары оны алғысы келді. Бірақ ала алмады. Бір кезеңде оны Беларусь арқылы әкелу туралы идея болды. Оның мансабын басқарған жігіттер солай ұйымдастырды. Ал кейін «Ланс» шыққанда, бәсекелесу мүлде қиын болып кетті», – деді Ткаченко.

Еске сала кетейік, Абдуқодир Хусанов 2023 жылы Беларусьтің «Энергетик-БГУ» клубынан Францияның «Ланс» командасына ауысты. Ал 2025 жылдың басында ағылшынның атақты «Манчестер Сити» клубы өзбекстандық қорғаушыны 40 миллион фунт стерлингке сатып алған болатын.