Жағажай футболынан ел біріншілігі аяқталды

Футбол
Қонаевта жағажай футболынан 2023 жылғы Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Маусым қорытындысы бойынша Павлодардың «Арман» командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды турнир дебютанттары – Тараз қаласынынан «OMEGA» командасы иеленсе, үшінші орынды Алматы облысының «Малайсары» клубы алды. Төртінші және бесінші орындарды Қонаев қаласының ОСДЮСШ және «Достар» командалары иеленді.
Жарыстың үздіктері:
Үздік ойыншы - Виталий Тулпа («Арман»),
Үздік қорғаушы - Болатбек Нұрдәулет («Малайсары»)
Үздік қақпашы - Айдос Сейдахметов (ОСДЮСШ)
Үздік сұрмерген - Дәурен Қойшыбаев («OMEGA») (23 гол).