Елдос Сметов: Үшінші Олимпиадада алтын бұйыра ма?

Елдос Сметов: Үшінші Олимпиадада алтын бұйыра ма?
Дзюдо
Олимпиада 2024

Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

Париж Олимпиадасында дзюдодан жартылай финалға шыққан спортшылар анықталды. Олардың қатарында қазақ балуаны Елдос Сметов те бар, деп жазады Bassport.kz тілшісі.

Кешеден бері Парижде жаңбыр тоқтамай тұр. Ашылу салтанатында бастан-аяқ жауған жауын келесі күні де жалғасты. Бірақ, күн райының қолайсыздығы Олимпиада атмосферасына еш әсерін тигізген емес. Дзюдошылар бәсекесі өтетін Champ de Mars аренасында ине шаншар орын жоқ. Әлемнің әр түкпірінен келген жанкүйерлерден бөлек, жергілікті көрермендердің қатары басым. Себебі, бұл жекпе-жек түрінен француздық балуандар өте мықты саналады әрі бүгін олардың үздік спортшысы Лука Мхидзе жартылай финалға шықты.


Жартылай финалға қуанған тек француздар ғана емес. Қазақ спортының беткеұстары Елдос Сметов те жартылай финалда! Бүкіл олимпиадалық маусымды ала-құла өткізіп, Парижге ең соңғы сәтте ғана жолдама алған Сметов бүгін рейтингте өзінен биік тұрған балуандарды ұтты. Атап айтар болсақ, алғашқы айналымда нидерландтық Тонуке Чакадоны, кейін украиналық Ділшот Халматовты, ал ширек финалда Токио Олимпиадасының финалисті, Азия ойындарының чемпионы Янг Вейді жарыс жолынан шығарды.

иско Гарригос күтуде. Сметов Гарригосты осыдан екі жыл бұрын, Ташкенттегі әлем чемпионатының жұбаныш белдесуінде жеңген болатын. Жеңісті жол бүгін де қайталанады деп сенеміз.

Ерлер, 60 келі. Жартылай финал жұптары:

Елдос Сметов – Франсиско Гарригос (Испания)

Лука Мхидзе (Франция) – Салих Иылдыз (Түркия)


Өкінішке қарай, Абиба Әбужақынова ширек финалда жеңіліп, жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алды. Негізі, Абибаның ширек финалдағы қарсыласына қарап, қуанғаным рас. Лаура Абелинданың Абибамен салыстырғанда айтарлықтай үлкен жетістігі жоқ-етін. Одан бөлек, 48 келідегі кіл мықтылар өзара жолығып, Абибаның жолы ашылғандай көрінген. Бірақ Әбужақынова қосыма уақытта жеңіліп қалды. Оның жұбаныш белдесуіндегі қарсыласы – парагвайлық Габриела Нарвайс.

Әйелдер, 48 келі. Жартылай финал:

Тара Бабулфат (Швеция) – Нацуми Цунода (Жапония)

Лаура Абелинда (Испания) – Баасанху Бавудорж (Моңғолия)

Ақырыс Сейтқазы, арнайы Парижден