Париж-2024: Нысана көздеуден ел қоржынына алғашқы жүлде түсті

Париж-2024: Нысана көздеуден ел қоржынына алғашқы жүлде түсті
Спорттық ату

Сали Сабиров

Нысана көздеуден Қазақстан командасы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Bassport.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап. 

10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қола медаль жеңіп алды.

Кіші финалда олар Германия құрамасынан басым түсті. Есеп - 17:5.

Осылайша, араға ұзақ үзіліс салып мергендер Олимпиада медалін еншіледі. Айта кетелік, нысана көздеуден Қазақстан командасының бас бапкері - Ольга Довгун.