Конференция лигасы: «Ордабасы» сырт алаңда «Дифферданж-03» командасымен ойнайды

Конференция лигасы: «Ордабасы» сырт алаңда «Дифферданж-03» командасымен ойнайды
Футбол

fc_ordabasy/Instagram

Бүгін футболдан UEFA Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде қазақстандық «Ордабасы» сырт алаңда Люксембургтің «Дифферданж-03» командасымен кездеседі, деп хабарлайды BasSport.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Ойын Қазақстан уақытымен 21:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Матч 23 шілдеде Муниципиалдық стадионда өтеді. Сыйымдылығы 3 500 адамға арналған стадион 2012 жылы пайдалануға берілген. Айта кетсек, аталған ойында норвегиялық Мохаммад Аслам бас төреші қызметін атқарады. Оған отандастары Йорген Вальстадстве мен Альф Олав Россланн көмектеседі. «Дифферданж-03» командасы өзімен аттас қалада орналасқан. Бұл ұжым 2003/2004 жылғы маусымда қайта құрылған. Содан бері өз тарихында былтыр чемпиондық атаққа қол жеткізді. Қарсыластар қақпасына 30 кездесуде 70 гол соқты. Оның 25-і португалиялық форвард Жоржиньоның еншісіне жазылған. Кейінгі екі жыл қатарынан олар еурокубок ойындарында сынға түсуге мүмкіндік алды. Дегенмен екеуінде де Конференция лигасының бірінші кезеңінен аса алған жоқ. Айта кетерлігі, екі жыл қатарынан олар словениялық командалармен кездесті. Алдымен «Олимпияға» 2:3, одан кейін «Мариборға» 4:5 есебімен қосымша кезеңде жол берді. «Ордабасы» футбол клубы «Дифферданж-03» командасын жеңген жағдайда үшінші ірікту кезеңінде «Струга» (Македония) - «Пюник» (Армения) арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.