Жазғы Олимпиада ойындары бүгін ерлер арасындағы футболмен басталады
offside.kz
Парижде өтетін ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындары ерлер арасындағы футболмен басталады, деп хабарлайды BasSport.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Бұл ойындар Бордо, Марсель, Лион, Нант, Ницца және Сент-Этьен қалаларында өтғеді.
Онда 23 жасқа дейінгі футболшылардан құралған құрамалар бақ сынайды. Сондай-ақ ол жастан асқан үш ойыншының жарысқа қатысуына болады. Ал қыздарда мұндай шектеу жоқ.
Ерлерде 16 құрама төрт топқа бөлінген:
А тобы: Франция, Гвинея, АҚШ, Жаңа Зеландия
В тобы: Аргентина, Марокко, Ирак, Украина
С тобы: Өзбекстан, Испания, Египет, Доминикан Республикасы
D тобы: Жапония, Парагвай, Мали, Израиль.
Бүгін «Qazsport» телеарнасынан 4 ойын көрсетіледі. Алдымен 17:50-де Өзбекстан мен Испания, 19:50-де Египет пен Доминикан Республикасы, 21:50-де Ирак пен Украина, 23:50-де Франция мен АҚШ жасыл алаңға шығады.
Қыздарда 12 құрамалары сынға түседі. Олардың топтарға бөлінуі құрамалар төмендегіше:
А тобы: Франция, Колумбия, Канада, Жаңа Зеландия
В тобы: АҚШ, Замбия, Германия, Австралия
С тобы: Испания, Жапония, Нигерия, Бразилия.
Ойындар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Айта кетсек, бұдан бұрын қызылордалық Айдос Сұлтанғали Олимпиадада табысқа жетуге күш салатынын айтқан еді.