Конференция лигасы: «Астана» түзде тең түсті, «Тобыл» ірі есеппен жеңілді

Конференция лигасы: «Астана» түзде тең түсті, «Тобыл» ірі есеппен жеңілді
Футбол

Астана ФК

«Астана» мен «Тобыл» УЕФА Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

Елордалық команда Молдаваданың «Милсами» клубымен кездесті. Матч 1:1 есебімен аяқталды. Ойынның 57-минутында Назми Грипши соққан голдан кейін «Астана» есеп ашты. Бірақ матч соңына қарай алаң иелері таразы басын теңестіріп кетті. 90-минутта Дэнни Кой Лупано бұрыштамадан гол соқты.

Қостанайлық команда швейцариялық «Санкт-Галлен» клубымен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіліп қалды. Матч есебін «Тобыл» ашты. 28-минутта Альберт Валчи допты өз қақпасына соғып алды. Бірақ 35-минутта алаң иелері Михайло Стевановичтің голынан кейін есепті теңестіріп кетті. Төрт минуттан соң Чадраг Аколо «Санкт-Галленді» алға шығарды. Ал 77-минутта Бастиан Тома швейцариялық клубтың үшінші голын салды. Матчтың соңғы секундтарында Валчи бұрыштамадан кейін матч нүктесін қойды.

Еске салайық, қарымта матч 1 тамызда Қостанайда қарымта матч өткізеді. «Тобыл» келесі кезеңге өту үшін төрт гол айырмашылығымен жеңу керек.

Ал, елордалық команда қарымта матчты 1 тамызда Алматыда өтеді.