Батыр Жүкембаев келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

Батыр Жүкембаев келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады
Бокс

prosports.kz

Танымал қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (23-1, 17 КО) келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Bassport.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

Ол әлеуметтік желіде жаттығу барысынан видео жариялады. 

«Келесі жекпе-жегім туралы хабарландыруды күте алмаймын!» - деп жазды боксшы.

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев кейінгі жекпе-жегін 22 мамырда Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) өткізіп, украиналық Иван Редкачты (24-7-1, 19 КО) мерзімінен бұрын жеңген болатын. Осылайша ол бірінші жартылай орта салмақта WBA Continental North Americas титулын қорғады.