«Қайрат» ойыншысы қатардан шығып қалды

«Қайрат» ойыншысы қатардан шығып қалды
Футбол

Kazfootball.kz

Әділет Садыбеков үшін биылғы маусым орта жолдан аяқталды, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Футболшы Лига кубогы турнирі топтық кезеңінің 3-турында «Таразға» қарсы ойында (3:0) жарақат алып қалды. 

«Қайрат» командасының жартылай қорғаушысы жуырда медициналық тексеруден өтті. 22 жастағы ойыншыға тізе буынының айқыш байламын жарақаттау диагнозы қойылды.

Садыбековтің аяғына дәрігерлер 1 тамызда Германияда ота жасайды.

Айта кетейік, Әділет енді маусымның соңына дейін футбол ойнамайды.