Мадридтегі “Мастерс”: қазақ теннисшілерінің қарсыласы кімдер

Мадридтегі “Мастерс”: қазақ теннисшілерінің қарсыласы кімдер
Теннис

26 сәуір күні Испания астанасы Мадридте ATP 1000 санатындағы жарыстың негізгі кезеңі басталады. Маусымның кезекті “Мастерс” жарысында Қазақстан намысын Александр Бублик пен Тимофей Скатов қорғайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Қазақстанның бірінші ракеткасы беделді бәсекені бірінші айналымнан бастап, колумбиялық Даниэль Галанмен сынға түседі. Александр Бублик АТР рейтингінің үздік жүздігін түйіндеп тұрған теннисшімен бұған дейін бір рет кездесіп, жеңіске жеткен. 

Ал Тимофей Скатов негізгі кезеңде өнер көрсету үшін іріктеу сынынан сүрінбей өтуі керек. Бүгін, 24 сәуірде ол іріктеу кезеңінің жартылай финалында әлемнің 85-ракеткасы Марко Чеккинатомен шеберлік байқасады. Өткен жылы отандасымыз Лиссабондағы турнирдің дәл осы кезеңінде италиялық теннисшідег 7:5, 7:6 (2) есебімен жеңіліп қалған еді.