Анна Данилина Дохадағы беделді турнирдің жеңімпазы атанды

Анна Данилина Дохадағы беделді турнирдің жеңімпазы атанды
Теннис

Анна Данилина. Сурет: ҚТФ

Жұптық сайыста Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Анна Данилина Дохада өткен WTA 1000 санатындағы турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Қазақстандық теннисші жарыста сербиялық Александра Круничпен жұптасып өнер көрсетті. Финалда Данилина мен Крунич латвиялық Елена Остапенко мен тайбэйлік Се Шувейге қарсы ойнап, финалдық матч 0:6, 7:6, 10:8 есебімен қазақстандық-сербиялық дуэттің пайдасына аяқталды.