Александр Бублик Роттердамдағы жарыстың ширек финалына шықты

Александр Бублик Роттердамдағы жарыстың ширек финалына шықты
Теннис

Александр Бублик. Сурет: Gabriel Calvino Alonso/BSR Agency/Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Нидерландтың Роттердам қаласында өтіп жатқан ATP 500 жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингіде оныншы орында тұрған Александр Бублик ширек финал жолдамасын неміс теннисшісі Ян-Леннард Штруффпен сарапқа салды. Үш сетке созылған матчты Бублик өз пайдасына шеше білді - 7:6 (7:2), 4:6, 6:3. 

Келесі айналымда Александр Бублик әлемнің 37-ракеткасы, испаниялық Хауме Мунармен кездеседі.