Қазақстанның бірінші ракеткасы ATP 500 жарысының жартылай финалында сүрінді

Қазақстанның бірінші ракеткасы ATP 500 жарысының жартылай финалында сүрінді
Теннис

Александр Бублик. Сурет: Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Роттердамда өтіп жатқан ATP 500 жарысының жартылай финалынан өте алмады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Дүниежүзілік рейтингіде үздік ондыққа кіретін отандасымыз финал жолдамасын канадалық Феликс Оже-Альяссиммен шеберлік байқасып, екі сетте 1:6, 2:6 есебімен жеңіліс тапты. 

Александр Бублик биыл бұл жарыстағы ең үздік нәтижесін көрсетіп, мансабында алғаш рет турнирдің жартылай финалында ойнады.