Бағдат Қайыров «Ақтөбе» командасынан кетті

Бағдат Қайыров «Ақтөбе» командасынан кетті
Футбол

Instagram/@fcaktobe_official

«Ақтөбе» футбол клубы 33 жастағы қазақстандық қорғаушы Бағдат Қайыровпен қоштасқанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап. 

Бағдат Қайыров – Ақтөбе футбол мектебінің түлегі. Ол кәсіби мансабын Бірінші лигада өнер көрсеткен «Каспий» клубында бастаған. 2015 жылы қорғаушы «Ақтөбе» сапына қосылып, келесі маусымды осы командада өткізді. Кейіннен «Қайсар», «Ордабасы» және «Тобыл» клубтарының намысын қорғады.

2024 жылы Қайыров туған қаласының командасына қайта оралды. Биылғы маусымда «Ақтөбе» капитаны сегіз матчқа қатысты. Осылайша, тәжірибелі қорғаушының ақтөбелік клубтағы кезекті кезеңі аяқталды.