«Азия балалары» ойындары: Конькишілер 1 алтын, 1 күміс медаль алды
Қысқы спорт
Қазақстан конькишілері «Азия балалары» ойындарында 1 алтын, 1 күміс медаль алды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Варвара Глухова конькимен жүгіруден масс-стартта мәре сызығын бірінші болып қиды. Ол 6:11.61 секундта жүгіріп өтті. Беларусь өкілі Палина Севецке күміс, ресейлік Екатерина Островскаяға қола жүлде бұйырды.
Сонымен қатар Денис Мезенцев, Михаил Бровко, Михаил Матрюхин командалық спринтте 1:36.75 секунд нәтижемен екінші орынға ие болды. Мұнда Сібір федералды округі алтын алса, Беларусь конькишілері үздік үштікті түйіндеді.
Қазіргі кезде Қазақстан құрамасы қоржынында 2 алтын, 5 күміс, 5 қола медаль бар.
Кемероводағы «Азия балалары» ойындары ертең мәресіне жетеді.