Қазақстандағы жалғыз топ деңгейдегі шахматшыға лайықты қолдау көрсетіліп жатыр ма? — спорт сарапшысы өзекті сұрақ қойды

Қазақстандағы жалғыз топ деңгейдегі шахматшыға лайықты қолдау көрсетіліп жатыр ма? — спорт сарапшысы өзекті сұрақ қойды
Шахмат

Facebook

Спорт сарапшысы Айдос Рымқұл қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева төңірегіндегі соңғы талқылауларға қатысты өз пікірін білдірді. Ол бұл туралы өзінің Facebook парақшасында жазба жариялады.  

Сарапшының айтуынша, соңғы уақытта спортшыға бағытталған сын мен ақпараттық қысым күшейіп кеткен. Әсіресе, оған бөлінетін қаржы көлемі жиі талқыға түсіп, бұл тақырыптың шамадан тыс көтеріліп жатқанын атап өтті.

Айдос Рымқұл Бибісараны қазіргі таңда Қазақстан шахматындағы ең үздік және бірегей спортшылардың бірі ретінде бағалайды. Сарапшы өз жазбасында Бибісараға бөлінетін 50 миллион теңге көлеміндегі қаржыға қатысты пікір білдіріп, бұл соманы халықаралық деңгейдегі спортшы үшін жеткіліксіз деп есептейді.

Сондай-ақ, ол қазақстандық қоғамда спортшыларға деген көзқарасқа да тоқталды. Рымқұлдың айтуынша, ел ішінде жетістікке жеткен спортшыларды қолдаудан гөрі, сынға алу жиі кездеседі.

Айдос Рымқұл жазбасының соңында қоғамға сауал тастап, Қазақстандағы жалғыз топ деңгейдегі шахматшыға лайықты қолдау көрсетіліп жатыр ма деген мәселені көтерді.